Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

23 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракеткасы) мансабында алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалда Елена Тунистен келген әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді. Кездесу жоспарланған үш сетке созылды. Нәтижесінде 3:6, 6:2, 6:2 есебімен қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсті.

Кортта теннисшілер 1 сағат 50 минут өткізген.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет Үлкен Дулыға титулына ие болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977722-elena-rybakina-uimbldon-turnirin-zenip-aldy/

pixel