Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының тумасы UFC-дің бұрынғы чемпионын нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Рафаэль Физиев пен Рафаэль Дос Аньос арасындағы жекпе-жек
Рафаэль Физиев пен Рафаэль Дос Аньос арасындағы жекпе-жек. Фото: twitter.com/ufc

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты нокаутқа түсіріп, UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рафаэль Физиев пен Рафаэль Дос Аньос арасындағы кездесу Лас-Вегаста (АҚШ-тың Невада штаты) өткен UFC Vegas 58 турнирінің басты жекпе-жегі болды.

5 раундқа жоспарланған жекпе-жек бесінші раундтың басында аяқталды. Осы тұста Физиевтің сол қолымен жасаған соққысы қарсыласына дөп түйіп, ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Рафаэль Физиев кәсіби мансабындағы 12-ші, UFC-дегі алтыншы жеңісін тойлауда. Ал Рафаэль Дос Аньос мансабында 14-ші жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Рафаэль Физиев 1993 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. БАҚ-тың мәліметінше, файтер ол жерде 12 жасына дейін тұрған. Кейін отбасымен Қырғызстанға көшіп кеткен.

Аралас жекпе-жекпен кәсіби түрде 2015 жылдан беріп айналысып келеді және 2021 жылға дейін Қырғызстанның намысын қорғады. Дос Аньосқа қарсы жекпе-жегінен бастап Әзербайжан атынан өнер көрсетуде.

Дос Аньосқа келсе, ол 2015 жылы Энтони Петтисті жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы атанды. Алайда 2016 жылы америкалық файтер Эдди Альварестен жеңіліп, бұл атақтан айырылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1977745-zambyl-oblysynyn-tumasy-ufc-tin-buryngy-cempionyn-nokautqa-tusirdi-video/

pixel