Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Поль Погбаның келесі маусымда қандай клубта өнер көрсететіні белгілі болды

Опубликовано:

Погба
Погба. Фото: Stefan Matzke - sampics/Corbis via Getty Images

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба "Ювентус" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты туриндік команданың баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы "Ювентуспен" 2026 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды.

Айта кетейік, Поль Погба 2012-2016 жылдары туриндік ұжым сапында доп тепкен. Кейінірек оны "Манчестер Юнайтед" 100 млн еуроға сатып алған еді.

"Ювентус" сапында жартылай қорғаушы 2015 жылы Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Сонымен қатар футболшы Италия чемпионатының, Италия кубогы мен суперкубогының жеңімпазы атанған.

Жаңа маусымда Поль Погба туриндік клуб сапында 10-нөмірмен өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1977927-pol-pogbanyn-kelesi-mausymda-qandai-klubta-oner-korsetetini-belgili-boldy/

pixel