Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Елена Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Telegram каналында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" жарысының титулын иеленбеген еді.

Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Сонымен қатар Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі үшін берілген Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977940-elena-rybakina-ii-darezeli-dostyq-ordenimen-marapattaldy/

pixel