Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайында "Уимблдон" жеңімпазы Елена Рыбакинаны қалай қарсы алды (фото, видео)

Опубликовано:

Елена Рыбакинаны қарсы алған тұрғындар
Фото: instagram.com/nqz_airport

"Уимблдон" жеңімпазы Елена Рыбакина турнирден кейін Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Елорда әуежайына жиналғандар спортшыны жылы қарсы алды. Кездесуде түсірілген кадрлар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Instagram парақшасында жарияланды.

Ел мерейін үстем еткен Елена Рыбакинаны әуежайдан БАҚ өкілдері, жанкүйерлері, жақындары мен ата-анасы, сондай-ақ елорда тұрғындары қарсы алған. Олар ұлттық аспаптарда ойнап, құшақ-құшақ гүлдерін ала келген.

Турнир жеңімпазына алғысын білдіргендер қатарында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанв та бар.

Сонымен қатар әуежайда спортшы бауырсақ пен қымыздан дәм татқан.

Айта кетейік, биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңісі үшін берілген Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартқаны белгілі болды.

Одан бөлек, президент жарлығымен Елена Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1977969-nur-sultan-auezaiynda-uimbldon-zenimpazy-elena-rybakinany-qalai-qarsy-aldy-foto-video/

pixel