Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан барысы-2022" турнирінің жеңімпазына екі бөлмелі пәтер берілді (фото)

Опубликовано:

Қазақстан барысы
Фото: Instagram/qazaqstan_barysy

"Қазақстан барысы-2022" турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Бұл туралы "Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қоры Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қазақ күресін қолдау және дамыту қорының мәліметінше, Қызылорда облысының әкімі биылғы "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабыловты қабылдаған.

Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаевтың Сыр өңірінің намысын қорғаған балуанға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақстан барысы-2022" турнирінде қызылордалық балуан чемпион атанғанын жазған едік.

Финалда Мақсат Исағабылов Маңғыстау облысының өкілі Нұрдәулет Жарылғаповты жеңді.

Адуынды қарсыласын ұту үшін Мақсатқа небәрі 52 секунд қажет болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1978083-qazaqstan-barysy-2022-turnirinin-zenimpazyna-eki-bolmeli-pater-berildi-foto/

pixel