Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Берульцева тағы да топ жарды": Бирмингемдегі Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан қандай нәтиже көрсетті

Опубликовано:

Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік ойындарға қатысты
Софья Берульцева: kazsports.kz

АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында XI Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Қазақстан құрамасы мұхиттың арғы бетіне 8 спорт түрінен 16 спортшы апарып, 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Португалиямен бірге 37-орынға табан тіреді.

Қазақстан намысын қорғаған каратэші Софья Берульцева жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған ол АҚШ-та да қарсылас шыдатқан жоқ. Берульцева әлем чемпионатында жүлде алып, Олимпиадада үздік үштікке енген талантты спортшы екенін еске саламыз.

Ал джиу-джитсудың "неваза" түрінен сынға түскен Галина Дуванова мен муай-тайдан 2 дүркін әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков ақтық сында сүрініп, күмісті қанағат тұтты.

Сондай-ақ спорттық акробатикадан Даниэль Диль мен Вадим Шуляр жұбы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан 1993 жылы Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында өткен Дүниежүзілік ойындарға алғаш рет қатысты. Аталған бәсеке 1981 жылдан бері ұйымдастырылады. Алғашында жарыс бағдарламасына олимпиадалық спорт түрлері енбейтін. Кейін ұйымдастырушылар бұл шешімін өзгертті. Мәселен, Бирмингемде көркем гимнастика, садақ ату, құзға өрмелеу сынды олимпиадалық спорт түрлерінен жүлде сарапқа салынды.

Еске сала кетейік, Бирмингемде әлемнің әр елінен келген 3500-ден астам атлет 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жалпы есебі 73 елдің спортшылары жүлдеге іліккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1978976-berulceva-tagy-da-top-zardy-birmingemdegi-duniezuzilik-oiyndarda-qazaqstan-qandai-natize-korsetti/

pixel