Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 жастағы Ибрагимович пен "Милан" клубы жаңа келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Златан Ибрагимович
Златан Ибрагимович. Фото: Danilo Di Giovanni/Getty Images

Швеция құрамасының 40 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович "Милан" футбол клубымен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты италиялық клубтың ресми сайты растады.

Айта кетейік, 3 қазанда футболшы 41 жасқа толады. Златан Ибрагимович 2020 жылы "Милан" клубына қайта оралған болатын. Бұған дейін футболшы аталған ұжымда 2010-2012 жылдары доп тепкен.

"Милан" сапында Ибрагимович барлығы 158 ойын өткізіп, 92 гол соққан. Сонымен қатар 35 рет нәтижелі пас берген.

Өткен маусымда 40 жастағы шабуылшы аталған клубпен бірге Италия чемпионы атанды.

Сондай-ақ швециялық шабуылшы мансабында "Аякс", "Барселона", "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед", "Лос-Анджелес Гэлакси", "Интер", "Ювентус" және "Мальме"сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1979056-40-zastagy-ibragimovic-pen-milan-kluby-zana-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel