Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: WBA Головкинге жаңа міндетті қарсыласты белгіледі

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Gettty Images/ Cliff Hawkins / Staff

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық Геннадий Головкинді кубалық Эрисланди Лараға қарсы титулды қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі BadLeftHook.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Басылымның мәліметінше, 40 жастағы қазақстандық боксшыға WBA-ның орта салмақтағы "қарапайым" чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы үшін мексикалық Саул Альвареспен өтетін үшінші кездесуден кейін 120 күн берілетін болды.

Егер Головкин Канелоны жеңіп, екінші орта деңгейдегі WBA белбеуін сақтаймын деп шешсе, Ларамен өтетін жекпе жектен бас тарта алады. Мұндай жағдайда қазақстандық спортшының орта салмақтағы белбеуі бос қалады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді.

Мексикалық боксшыға тиесілі екінші орта салмақтағы WBA, WBC, IBF және WBO титулдары сарапқа салынады. Айта кетейік, қазір Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA Super және IBF белбеулеріне ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1979322-baq-wba-golovkinge-zana-mindetti-qarsylasty-belgiledi/

pixel