Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізбей-ақ толыққанды әлем чемпионы атану мүмкін

Опубликовано:

Боксшы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлына қатысты (12-0, 8 КО) қуанышты хабарды жариялады, деп жазады Sports.kz.

Дүниежүзілік бокс ұйымы америкалық боксшы Деметриус Андрадеден ресми түрде орта салмақтағы титулын қорғауды талап етті.

Егер Андраде бас тартса, Жәнібек Әлімханұлы автоматты түрде "толыққанды" әлем чемпионы атанады. Қазір отандасымыз "уақытша" әлем чемпионы атағына ие.

Еске сала кетейік, 22 мамырда Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасқан еді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, бұл атақты иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1979462-zanibek-alimxanuly-zekpe-zek-otkizbei-aq-alem-cempiony-atanu-mumkin/

pixel