Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мектептерінде шахмат міндетті пәнге айналуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан мектептеріне шахмат пән ретінде кіреді
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Қазақстан шахмат федерациясы еліміздің барлық мектептерінде шахмат сыныптарын ашуды жоспарлап отыр. Аталған федерацияның вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов журналистермен кездесуде федерацияның жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрмен Сәдуақасов федерацияның мақсаты – шахматты кеңінен насихаттау арқылы интеллектуалды ұлт қалыптастыру екенін атап өтті.

"Біздің екі амбициямыз бар. Біріншісі – шахматты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізу болса, екіншісі – біздің ерлер, әйелдер және балалар командалары әлемнің үздік ондығына тұрақты түрде енуі", – деді Сәдуақасов.

Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстанның кейбір мектептерінде шахмат жаңа факультатив пән ретінде оқытылады.

"Федерация дайындық жұмыстарын жүргізеді. Әңгіме орыс және қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау туралы болып отыр. Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр", - деді ол.

Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймағында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр.

"Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді. Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды", - деп қосты Сәдуақасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1979594-qazaqstan-mektepterinde-saxmat-mindetti-pange-ainaluy-mumkin/

pixel