Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садьо Мане Африканың жыл футболшысы атанды

Опубликовано:

Садьо Мане
Садьо Мане. Фото: fcbayern.com

Сенегал құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы Садьо Мане маусымның үздік африкалық ойыншысы атанды, деп жазады Sports.ru.

Сенегал құрамасының жартылай қорғаушысы Мароккодағы салтанатты рәсімде марапатқа ие болды.

Жақында ғана мюнхендік "Бавария" сапына ауысқан футболшы бұрынғы әріптесі Мохамед Салахтан (Мысыр) және "Челси" қақпашысы Эдуард Мендиден (Сенегал) көп дауыс жинаған.

Мане өткен маусымда "Ливерпульмен" бірге Англия кубогы мен Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар ол "қызылдармен" бірге Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, Англия біріншілігінде екінші орыннан көрінді.

Ақпан айында Садьо Мане Сенегал құрамасына тарихында алғаш рет Африка кубогын жеңіп алуға көмектесті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Садио Мане ресми түрде "Бавария" футболшысы атанғанын жазған болатынбыз.

Садио Мане "Ливерпуль" клубында 2016 жылдан бері ойнады. Бұл кезеңде футболшы алты кубок ұтып алған. Олардың қатарында Чемпиондар лигасы мен АПЛ жүлдесі бар.

Өткен маусымда 30 жастағы футболшы барлық турнирде 50 матч өткізіп, 23 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1979705-sadyo-mane-afrikanyn-zyl-futbolsysy-atandy/

pixel