Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Молдовалық "Шериф" чемпиондар лигасының матчында словениялық команданы жеңді (видео)

Опубликовано:

"Шериф"-"Марибор"
Скриншот: YouTube / NK Maribor

Молдовалық "Шериф" пен словениялық "Марибор" командалары 2022 жылғы 26 шілде күні футбол матчында кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кишиневте чемпиондар лигасының 2-ші іріктеу кезеңі аясында "Шериф" пен словениялық "Марибордың" матчы өтті. Матч молдовалық "Шериф" командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

"Шериф" командасы ойынның 88-минутында есеп ашты. Голды Момо Янсане соқты.

Матчтың қорытынды есебі – "Шериф" командасының пайдасына 1:0.

Осылайша, чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңіне өткен "Шериф" чехиялық "Виктория" Пльзенге қарсы ойнайтын болады.

Еске салсақ, бұған дейін қостанайлық "Тобыл" конференциялар лигасында гибралтарлық командадан басым түскенін жазған едік.

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан "Тобыл" алдағы уақытта "Тирана" (Албания) / "Зринйски" (Босния және Герцеговина) кездесуінде жеңіске жеткен командаға қарсы ойнайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1980312-moldovalyq-serif-cempiondar-ligasynyn-matcynda-sloveniyalyq-komandany-zendi-video/