Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғын шығарып алған": Ақтөбелік жас балуан жарақатына қарамастан, әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Арсен Жұма. Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Күрес түрлерінен Италияның Рим қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Арсен Жұма қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арсен кіші финалда армениялық Тигран Галустянмен кездесіп, 5:3 есебімен жеңіске жеткен.

Белгілі балуан Алмат Кебіспаев жаттықтыратын балуандардың бұл әлемдік сындағы алғашқы медалі.

Instagram желісіндегі kaz_wrestling_mode парақшасының хабарлауынша, Арсен іріктеу кезеңдерінде аяғын шығарып алған. Десе де, жарақатына қарамастан, әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алып отыр.

Айта кетелік, бүгін Қазақстан командасының тағы төрт балуаны жұбаныш белдесулерінде сынға түседі. Жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен балуан әлем чемпионатының қола медаліне таласатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1980363-ayagyn-sygaryp-algan-aqtobelik-zas-baluan-zaraqatyna-qaramastan-alem-cempionatynda-uzdikter-qatarynan-korindi-video/

pixel