Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch Foundation Шымкенттегі балаларға арналған жабық футбол турниріне қолдау көрсетті

Опубликовано:

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch Foundation

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры Шымкент қаласындағы №4 балалар үйінің қамқорлығындағы балалар қатысқан футболдан "Жайдарлы Жаз" жабық балалар чемпионатын ұйымдастыруға қолдау көрсетті.

Турнир 23 және 24 шілде күндері "Үш Бұлақ" балалар лагерінің аумағында өтті. Жарысқа Шымкент қаласының №4 балалар үйінен Parimatch Foundation "Спорт тәлімгері" бағдарламасының 30 тәрбиеленушісін қоса алғанда, жалпы 48 ойыншы қатысты.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch Foundation

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы қараша айында қайырымдылық қоры Шымкенттегі ең ірі балалар үйінің бірінде футбол мен баскетболдан екі жаңа секция ашқан болатын. Балаларға жаңа форма, спорттық жабдықтар, сондай-ақ тәжірибесі мол кәсіби жаттықтырушылар ұсынылды. Parimatch Foundation қолдауымен, қажырлы және үздіксіз жаттығулардың арқасында жас спортшылар қалалық және республикалық турнирлерге белсенді қатыса бастады.

"Шымкент қаласының №4 балалар үйінде "Спорт тәлімгері " бағдарламасы іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өтті. Балалар секцияның ашылуының алғашқы күнінде ынта көрсетіп қана қоймай, жыл бойы осы бағыт-бағдарды ұстап келе жатыр. Бұны нәтижелерден байқауға болады. Біз олардың осы бағыттағы дамуын үлкен ықыласпен бақылап, әрбір жаңа жетістігімізбен мақтанамыз", - деп хабарлады PM Foundation-ның Қазақстандағы ресми өкілі Виктория Андреева.
Parimatch Foundation
Фото: Parimatch Foundation

Шынымен мақтануға тұрарлық жағдай бар. Өткен турнирде №4 балалар үйінің командаларының бірі бірінші орын алып, үздік шабуылшы және үздік қақпашы деп аталатын екі номинацияны жеңіп алды. Жас чемпиондарға СШК және футболдан Қазақстан чемпионы, шымкенттік "Жігер" және алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Марат Тұрлиев тәлімгер болды.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch Foundation
"Балалар өте дарынды және ынтасы зор. Олар өміріндегі жағдайға қарамастан, әрқашан жаттығуға барын салып, ең жақсы болуға тырысады. Parimatch Foundation сияқты ұйымдар бар екендігі бізді қуантады, олар өсіп келе жатқан ұрпақтың спорттық рухын қолдауға әрқашан дайын. Болашақта бұдан да көп жеңістерге жететінімізге сенімдімін", - деп бапкер Марат Тұрлиев өз ойын бөлісті.

Спорт - бұл тек жеңіс емес. Балалар үйінің басшылығы жаңа спорт секцияларының пайда болуы - балалардың көңіл-күйі мен дамуындағы оң өзгерістерге себеп болғанын атап өтті.

Parimatch Foundation
Фото: Parimatch Foundation
"Біздің тәрбиеленушілеріміздің өмірі оңай емес. Кейде олар көп балалар секілді қарапайым дүниеге қуана алмай жатады, жан жарасы әлі жазылмаған. Сондықтан олар үшін спорт өте қымбат. Спорт тыныштандырады, жағымды эмоциялар береді және өзін-өзі бағалауды үйретеді. Parimatch Foundation компаниясының "Спорт тәлімгері" бағдарламасының арқасында соңғы оқу жылы біздің балаларымыз үшін ерекше бақытты болды. Бізге керемет жаттықтырушылармен, тәжірибесі мол нағыз мамандармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Балалар оларды қатты жақсы көреді және жаттығуға қуана-қуана қатысады. Қорға тек табыс пен өркендеу тілеймін!",- деп әсерін бөлісті Шымкент қаласы №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева.

Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға, оқуға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980658-parimatch-foundation-symkenttegi-balalarga-arnalgan-zabyq-futbol-turnirine-qoldau-korsetti/

pixel