Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентина құрамасының футболшысы "Атлетико" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Аргентина құрамасының қорғаушысы Науэль Молина "Удинезеден" мадридтік "Атлетикоға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Атлетико" футбол клубының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

24 жастағы қорғаушы мен мадридтік ұжым 5 жылға келісімшартқа отырды.

Трансфер сомасы 12 миллион еуроны құрап отыр. Тағы 6 миллион еуроның бонус ретінде қарастырылғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала "Романың" ойыншысы атанғанын жазған едік.

Белгілі болғандай, Аргентина құрамасының шабуылшысы туриндік "Ювентустен" римдік ұжымға тегін ауысқан.

Футболшы жаздың басында еркін агент атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980692-argentina-quramasynyn-futbolsysy-atletiko-oiynsysy-atandy/

pixel