Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық "Қайрат" конференциялар лигасының матчында жеңіліп, еурокубоктан шығып қалды (видео)

Опубликовано:

"Қайрат" - "Кишварда"
Фото: Facebook / Kisvárda FC

Алматылық "Қайрат" 2022 жылғы 28 шілде күні венгриялық "Кишвардамен" футбол матчында кездесіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч "Кишварда" командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Аталған команда ойынның 39-минутында есеп ашты. Голды Ясмин Мешанович соқты.

Матчтың қорытынды есебі – "Кишварда" командасының пайдасына 1:0.

Осылайша екі кездесудің қорытындысы бойынша "Қайрат" 0:2 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Әзірге конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алғандар қатарында қостанайлық "Тобыл" мен петропавлдық "Қызыл-Жар" ғана бар. "Тобыл" гибралтарлық "Линкольн Ред Импсті" екі рет жеңсе (2:0, 1:0), "Қызыл-Жар" хорватиялық "Осиекпен" екі матч қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980727-almatylyq-qairat-konferenciyalar-ligasynyn-matcynda-zenilip-eurokuboktan-sygyp-qaldy-video/

pixel