Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" да UEFA конференциялар лигасынан шығып қалды (видео)

Опубликовано:

"Астана" - "Ракув"
Фото: YouTube / QAZSPORT TV / ҚАЗСПОРТ TV

Футболдан "Астана" командасы 2022 жылғы 28 шілдеде польшалық "Ракувпен" кездесіп, жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Матч 0:1 есебімен "Ракув" командасының пайдасына шешілді.

Кездесудегі шешуші голды ойынның 16-минутында "Ракувның" жартылай қорғаушысы Владислав Кочергин соқты.

Осылайша, "Астана" үшін биылғы еурокубок маусымы аяқталды: бірінші ойында қазақстандық команда 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болатын.

Айта кетейік, UEFA конференциялар лигасынан алматылық "Қайрат" та шығып қалды.

Әзірге конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алғандар қатарында қостанайлық "Тобыл" мен петропавлдық "Қызыл-Жар" ғана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980747-astana-da-konferenciyalar-ligasynda-eurokuboktan-sygyp-qaldy-video/

pixel