Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенсациялық жеңіс": Тағы бір қазақстандық клуб конференция лигасының келесі кезеңіне шықты (видео)

Опубликовано:

Футбол
Фото: "Қызыл-Жар" футбол клубының баспасөз қызметі

Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" клубы конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. Солтүстікқазақстандық ұжым хорватиялық "Осиек" командасын жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қос клуб арасындағы алғашқы ойында "Қызыл-жар" қарсыласына 1:2 есебімен жол берген еді. Осыдан кейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер "отандық команданың келесі кезеңге өтуі екіталай" деген пікір айтқан болатын. Десе де қазақстандық клуб сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Кеше түнде "Осиектің" алаңында жауапты кездесу өтті.

Тартысты матчтың алғашқы таймында алаң иелері көп шабуыл жасағанымен, есеп ашылған жоқ.

Ойынның екінші жартысында "Қызыл-Жар" футболшылары "Осиектің" қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Матч 0:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, "Қызыл-Жар" екі матчтың қорытындысы бойынша конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1980840-sensaciyalyq-zenis-tagy-bir-qazaqstandyq-klub-konferenciya-ligasynyn-kelesi-kezenine-syqty-video/

pixel