Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев Bellator бұрынғы чемпионын жеңді

Опубликовано:

Боец Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57/

Бахрейндегі Brave 60 турнирінде 28 жастағы Асу Алмабаев өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жеңіл салмақтағы Bellator чемпионы, 39 жастағы америкалық Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша, Асу Алмабаев аталған промоушендегі қатарынан үшінші айқасында жеңіске жетті.

Қазақстандықтың жалпы рекорды қазір 16-2, ал жеңіс сериясы 12 жекпе-жек.

Ал бұрынғы Bellator чемпионы Зак Маковски үшін бұл мансабындағы 11-жеңіліс болған.

"Бүгін мен және командам бұрынғы Bellator чемпионы Зак Маковскиді жеңіп, қиын сынақтан өттік, біз жекпе-жек жоспарын орындадық, тамаша нәтиже көрсеттік", - деп жазды Алмабаев Instagram желісінде өзінің жеңісі туралы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1981078-asu-almabaev-bellator-buryngy-cempionyn-zendi/

pixel