Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина халықаралық жарыста топ жарды

Опубликовано:

Бірінші ракетка
Анна Данилина. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында WTA 250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясының ресми сайты хабарлады.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың екінші ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия барысында Кава мен Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын теңестіріп, жеңісті жұлып алды (6:4).

Екінші сетте есеп 4:5 болған уақытта да Данилина мен Фридзам брейк жасай алды (5:5).

Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жазды (7:5).

Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға шығып кетті. Бұдан кейін Кава мен Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді ( 10:5).

Осылайша, Анна Данилина жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1981114-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-anna-danilina-usinsi-tituldy-zenip-aldy/

pixel