Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейінгі алғашқы кездесуде жеңіліп қалды

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракеткасы) Сан-Хоседе (Калифорния, АҚШ) өтіп жатқан WTA турнирінің жекелей сынында өз өнерін аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірінші айналымда "Уимблдон-2022" жеңімпазы ресейлік Дарья Касаткинаға (әлемнің 12-ракеткасы) есе жіберді. Кездесу үш сетке созылып, 6:1, 2:6, 0:6 есебімен аяқталды.

Теннисшілер кортта бір сағат қырық үш минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина төрт эйс жасап, үш қос қателік жіберді және сегіз ойыннан үш брейк-поинт қолданды.

Келесі айналымда Дарья Касаткина америкалық Тейлор Таунсендпен (әлемнің 316-ракеткасы) ойнайды.

Айта кетейік, бұл Елена Рыбакина үшін Уимблдон турнирінде жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы кездесу болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1981360-elena-rybakina-uimbldondagy-zenisinen-keiingi-algasqy-kezdesude-zenilip-qaldy/

pixel