Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда веложарысқа байланысты көшелердің бір бөлігі уақытша жабылады

Опубликовано:

Алматыда велошеруге байланысты жолдар жабылады
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алдағы жексенбі, 7 тамыз күні Алматыда Visa Tour of World Class Almaty 2022 веложарысы өтеді, соған байланысты бұл күні көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушыларға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қала көшелеріндегі қозғалыс жексенбі, 7 тамыз күні сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі. Ал жарыстың өзі 08:00-де басталады.

"Биылғы жолдың бағыты бұрынғылардан өзгеше: биіктіктің жоғарылауына байланысты 34 және 57 шақырымдық қашықтықтар тиісінше 32 және 52-ге дейін қысқарды. Осылайша, көлік қозғалысы ішінара шектеліп, спортшылар жүріп өткен учаскелер біртіндеп ашылады. Біз қала тұрғындарының түсіністік танытуы мен қолдауына үміттенеміз", – деп атап өтті веложарыс ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

32 шақырым қашықтықтағы атлеттер Әл-Фараби даңғылымен жүріп өтіп, Mega Almaty СОО-нан мәреге қарай бұрылады, ал 52 шақырым қашықтықтағы қатысушылар өз бағдарын әрі қарай Саин көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жалғастырады. Велосипедшілер бұрылып, Розыбакиев көшесіне жеткеннен кейін әрі қарай мәреге бет алады.

Келесі көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

Розыбакиев көшесі (шығыс және батыс жағы) Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 05:00-ден 13:00-ге дейін;

Әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 08:00-ден 09:30-ға дейін;

Әл-Фараби даңғылы (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 08:10 бастап 11:20 дейін;

ШААЖ (шығыс жағы) 09:15-тен 09:50-ге дейін;

ШААЖ (батыс жағы) 09:30-дан 10:40-қа дейін;

Саин көшесі (шығыс жағы) Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін 10:30-дан 11:40-қа дейін;

Саин көшесі (батыс жағы) Рысқұлов даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 10:50-ден 12:00-ге дейін.

"Соңғы қатысушы 13.00-ге дейінгі қашықтықты жүріп өткеннен кейін автокөлік қозғалысы толық қалпына келтіріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз бағыттарын 7 тамызға алдын ала жоспарлауын сұраймыз", – деді іс-шараны ұйымдастырушылар алматылықтарға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1981531-almatyda-velozarysqa-bailanysty-koselerdin-bir-boligi-uaqytsa-zabylady/

pixel