Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол қолмен-ақ": спорт тарихындағы ең танымал солайқайлар

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: shutterstock

Халықаралық солақайлар күні қарсаңында біз бүгінгі таңда өз саласының мықты шебері екенін дәлелдей алған ең танымал солақай спортшыларға тоқталуды жөн санадық.

Уэйн Гретцки

20-ғасырдың ең мықты хоккейшілерінің бірі Уэйн Грецки өзінің жұлдызды мансабында сол қолымен ойнаған. ҰХЛ-дағы 21 жылдық тәжірибе барысында Грецки 61 рет рекорд орнатып, "Великий" деген лақап атқа ие болды. Оның есебінде 894 гол, 2857 ұпай және 1963 пас бар.

Сонымен қатар Уэйн өзінің қоржынына лиганың барлық дерлік жеке марапатын жинады, оның ішінде ең беделділері: "Харт Трофи" (ең құнды ойыншы) - 9 рет және "Арт Росс Трофи" (үздік бомбардир) - 10 рет. Ол "мақсатқа жетуге бірде-бір әрекет жасамаған болсаң, жүз пайыз жеңілгенің" деген әйгілі қанатты сөздің авторы, бұл сөздер жас чемпиондарды бүгінгі күнге дейін шабыттандырады.

Лионель Месси

"Алтын доптың" жеті дүркін жеңімпазы әрі "Алтын бутсы" алты дүркін иегерін таныстырудың қажеті жоқ шығар. Лионель Месси — Испания мен Барселона чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир, жас футболшылар үшін үлгі боларлық спортшы, сондай-ақ сыйлы солақайлардың бірі. Оның арсеналында 41 командалық олжа және жеке рекордтардың керемет тізімі бар. Месси өзінің ептілігі, дриблингі және дәл соққысы арқылы мықты қарсылас атанған. Мансап барысында Лионель ойын деңгейін оң аяғымен көтере алды, бірақ сол аяғымен ол өзінің ең әдемі голдарын соғатыны анық.

Рафаэль Надаль

Рафаэль Надаль Францияның Ашық Чемпионатындағы рекордтық 14 жеңісті қосқанда, «Үлкен Дулыға» турнирлерінде жұпсыз разрядтағы 22 жеңісіне ие, бұл оны тарихтағы осындай жетістігі бар жалғыз теннисші етеді. Топырақтағы корттардағы 63 турнирде жеңіске жеткен ерекше жетістіктері үшін ол "Топырақ патшасы" деп атанған. Бірақ Надальды ерекше ететін тұсы - тумысынан оңақай болғанымен, сол қолмен ойнайтындығы. Балалық шағында теннисті кәсіби түрде ойнаған ағасы Тони Надальдан алған кеңесінің арқасында осындай жетістіктерге жеткен. Ол өзінің жиеніне қарсыластарынан сәл басым болуы үшін сол қолмен ойнауға кеңес береді, осыны ескере отырып, Рафаэль кеңесті шебер қолдана алды.

Конор Макгрегор

Октагондағы батыл трюктерімен және бөспе мәлімдемелерімен танымал ирландиялық азамат. UFC-дің жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы ретінде Макгрегор қарсыластарын сол қолымен бірнеше рет нокаутқа жіберген. Жозе Алдуға қарсы оның ең әйгілі жекпе-жегі тартыс басталғаннан 13 секунд өткен соң дәл осындай соққымен аяқталған.

Табысты солақайлар тізіміне қосылғыңыз келе ме? Parimatch-тың "Экспресті сол қолмен-ақ жасаңыз" акциясына қатысып, iPhone 13 Pro Max ұтып алыңыз, сондай-ақ 800 000 теңгені құрайтын жүлде қорынан бонустар алып үлгеріңіз.

Қатысу

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1981915-sol-qolmen-aq-sport-tarixyndagy-en-tanymal-solaiqailar/

pixel