Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин: Мен сүйікті Қазақстанымда жекпе-жек өткізуім керек

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Ethan Miller/Getty Images

WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің жекпе-жектерінің бірін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Compas On The Beat Youtube арнасы.

"Менің кіммен, қалай және қайда жекпе-жек өткізетінім жайлы болашаққа үлкен жоспарларым бар. Сүйікті Қазақстаным бар және мұнда жекпе-жек өткізуім керек деп есептеймін! Сондықтан алда үлкен жоспарлар бар", – деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Қазақстанда әзірге бір ғана кәсіби жекпе-жек өткізген. Ол 2010 жылы елордада колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айында Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1981996-gennadii-golovkin-men-suiikti-qazaqstanymda-zekpe-zek-otkizuim-kerek/

pixel