Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Данияр Шамшаев
Фото: olympic.kz

21 жастағы қазақстандық спортшы Данияр Шамшаев елордада өткен 2022 жылғы Азия чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол өзбекстандық Муроджон Юлдошевті жеңіп, алтыннан алқа тақты.

"Азия чемпионатының алдында біз үлкен дайындықтан өттік. Біз жиындар өткіздік, онда біз толығымен дайындықтан өттік. Сондықтан біз турнирге сақадай сай болдық.

Финалда қарсылас мықты болды. Бірақ бапкерлер штабымен оған дайындалдық. Финалда тұруға және күтуге болмады. Бірден шабуыл жасау керек болды. Осындай жоспар, да тактика белгіленген. Қолдау көрсеткендеріңіз  үшін барлықтарыңызға  рахмет",- деді Шамшаев olympic.kz сайтына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1982006-daniyar-samsaev-dzyudodan-aziya-cempiony-atandy/

pixel