Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан командасы қола жүлдеге таласады

Опубликовано:

Қазақстандық теннисшілер қола медальға таласады
Теннистен Қазақстан құрамасы: ktf.kz

Чехияның Простеев қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы жартылай финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандықтар финал жолдамасы үшін таласта Германия құрамасына 2:0 есебімен жол берді. Біздің команда сапынан сынға түсен Даниел Тазабеков пен Заңғар Нұрланұлы қарсыластарына есе жіберді.

Ертең отандық жас теннисшілер АҚШ командасына қарсы ойнап, әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.

Айта кетелік, топтық сында Қазақстан құрамасы Аргентина мен Италияны ұтып, ширек финалда Словения спортшыларынан басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионатында дзюдошы Мағжан Шамшаев чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982023-tennisten-alem-cempionaty-qazaqstan-komandasy-qola-zuldege-talasady/

pixel