Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды
Фото: Instagram/bibisarachess

Шахматтан қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бибісара Асаубаева бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, марапаттау сәтінен фото жариялады.

"Кеше халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15- чемпионы маған "Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы" сыйлығын тапсырды", - деп жазды спортшы.

Желі қолданушылары шахматшыны жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін білдірген.

"Жарайсың, біздің мақтанышымыз", "Жасай бер, қазақ қызы. Біз сені мақтан тұтамыз", "Бибісара, тек қана алға", "Құтты болсын. Тек биіктерден көріне беріңіз", "Жеңістеріңіз көп болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982053-bibisara-asaubaeva-aziyanyn-uzdik-saxmatsysy-atandy/

pixel