Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ислам ойындары: Қазақстан командасының көк байрағын кім ұстап шығады

Опубликовано:

Қазақстан командасы Ислам ойындарына қатысады
Ислам ойындарына аттанатын Қазақстан құрамасы: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияның Конья қаласында өтетін V Ислам ойындарына аттанады. Дүбірлі сын алдында Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасы Самат Ерғалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, еліміздің мемлекеттік туын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанатты жиынға еркін және грек-рим күресінен, ауыр атлетика мен семсерлесуден Қазақстан құрамасының мүшелері жиналды.

"Қазақстан құрамасы осымен үшінші рет Ислам ынтымақтастығы ойындарында бақ сынағалы отыр. 2017 жылы Әзірбайжанда өткен жарысқа біздің команда шағын құраммен қатысқан болатын. Сол жылы 2 алтынмен 14-орынға табан тіреген едік. Биыл 16 спорт түрінен 127 спортшыны жарысқа қосамыз. Спортшыларға артар сеніміміз мол! Барша халық өздеріңе үмітпен қарап отырғанын ұмытпаңыздар" - деді Самат Ерғалиев.

Сондай-ақ, спортшыларға ақ жол тілеп, батасын беру үшін 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов та келді.

"Берсе қолынан, бермесе жолынан алыңыздар алтынды! Әр спортшы жекпе-жекке жауапкершілікпен шықса, намысқа тырысса, сіздерге бағынбайтын шың қалмайды! Жолдарың ашық болсын", - деді Олимпиада чемпионы.

Спортшылар атынан сөз алған грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Аманғали Бекболатов дүбірлі додада аянып қалмауға уәде берді.

"Біз еліміздің әнұранын шырқатып, көк туымызды желбірету үшін бар күшімізді саламыз. Алға, Қазақстан!", - деді балуан.

Ислам ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын шпагашы, семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионы Ерлік Сертай алып шығады.

"Мұндай маңызды бәсекеде еліміздің байрағын көтеріп шығу мен үшін үлкен абырой. Шыны керек, осындай тарихи сәттер қайталана бермейді. Сол үшін шын қуаныштымын. Жүлде алу үшін бар күшімді саламын", - дейді Ерлік.

Ислам ойындары 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982121-islam-oiyndary-qazaqstan-komandasynyn-kok-bairagyn-kim-ustap-sygady/

pixel