Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы армрестлингтен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңді

Опубликовано:

Оңғарбаев қол күрестен әлем чемпионы Брзенкті жеңді
Фото: Instagram.com/shardara.armsport

Қазақстандық спортшы Қыдырғали Онғарбаев Түркияның Стамбул қаласында 6 тамызда өткен East vs West халықаралық турнирінде армрестлингтен аты аңызға айналған, әлемнің 26 дүркін чемпионы америкалық Джон Брзенкті жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Instagram желісіндегі Shardara.armsport парақшасына сілтеме жасап.

Тамыз айының 6 күні, Стамбул қаласында қол күресінен өткен Шығыс пен Батыс елдерінің спортшылары арасындағы жекпе-жекте Онғарбаев қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп кетті.

"Жарыстың ең басты сайысы Онғарбаев Қыдырғали мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Джон Брзенк екеуінің арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті," – делінген ресми хабарламада.

Брзенк армрестлингтен әлемнің 26 дүркін чемпионы.

Тағы бір жерлесіміз Сарыбай Ердаулет қарсыласы – әлемнің бірнеше дүркін чемпионы түркиялық Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Оңғарбаев белгілі жаттықтырушы Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Қыдырғали ауыр салмақта Қазақстан мен Азияның абсолют чемпионы, әлем кубогының иегері және әлем чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982198-qazaqstandyq-sportsy-armrestlingten-alemnin-26-durkin-cempionyn-zendi/

pixel