Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде төменгі орынға сырғыды

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Contributor/Getty Images

Аралас жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship (UFC) рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды itnwwe.com.

Жартылай орта салмақ бойынша жаңартылған рейтингте Шавкат 11-сатыға орналасқан..

Америкалық Джефф Нил қарсыласы Висенте Луканы жеңгеннен кейін 13-орыннан 8-сатыға көтерілді. Ал бразилиялық оныншы орынға сырғыды. Тоғызыншы орынға Хорхе Масвидаль жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта көш басында Камеру Усман тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік. Ол тәжірибелі Нил Мэгниді ұтты.

Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үш минутты өз еншісіне жазды. 

Екінші раунд аяқталар сәтте 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1982447-savkat-raxmonov-ufc-reitinginde-tomengi-orynga-syrgydy/

pixel