Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызылжар"- "АПОЭЛ" арасындағы матч күтпеген нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

Футбол
Фото: "Қызыл-Жар" футбол клубының баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" клубы мен кипрлік "АПОЭЛ" арасындағы Конференция лигасының қарымта кездесуі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Матч басталғанға дейін спорт сарапшылары мен жанкүйерлер ойынның айқын фавориті деп "АПОЭЛ" ұжымын атаған. Алайда кипрлік клуб кездесуде үлкен басымдыққа ие болмады.

Олар Мирослав Лобанцев қорғаған "Қызыл-Жар" қақпасының саңылауын таба алған жоқ.

Тартысты өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Конференция лигасының аясындағы алғашқы ойында "АПОЭЛ" "Қызыл-Жар" ұжымын минималды есеппен ұтқан еді. Сол кезде матчтағы жалғыз голды кипрлік клубтың жартылай қорғаушысы Георге Эфрем соққан болатын.

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша "Қызыл-Жар" жарысты тоқтатып, Конференция лигасының келесі кезеңіне шыға алмады.

Еске салсақ, бұған дейін солтүстікқазақстандық команда хорватиялық "Осиек" командасын жарыс жолынан шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1982808-kyzylzar-apoel-arasyndagy-matc-kutpegen-natizemen-ayaqtaldy/

pixel