Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан баскетбол федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Қазақстан баскетбол федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Абай Алпамысов. Фото: nbf.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Конференция барысында барлық қатысушылардың бірауыз шешімімен федерацияның жаңа басшысы қызметіне Алпамысов Абай Абдисаметұлы тағайындалды. Ол 2013 - 2017 жылдар аралығында федерацияның президенті қызметін атқарған.

Ұйым басшысы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.

"Қыркүйек айының соңына қарай біз кешенді бағдарлама әзірлейміз. Бағдарлама аясында аймақтардың, 3х3 командалардың және құраманың проблемаларын шешу жолдары және клубтарды қолдау мәселесі қамтылады. Біз жаңа векторды дамытып, отандық баскетболдың шетелдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысамыз. Бұл жолда жалғыз жүру мүмкін емес, сондықтан сіздердің қолдауларыңызға сенемін", - деді Абай Алпамысов.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының президенті қызметін Димаш Досанов атқарды.

Абай Алпамысов М. В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің "Есептеу математикасы және кибернетика" факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы есеп комитеті аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде басшылық қызметтерді болған. "Ең үздік экономикалық зерттеулері" үшін Дүниежүзілік банк сыйлығымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1982960-qazaqstan-basketbol-federaciyasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel