Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нокаутпен аяқталады": аты аңызға айналған боксшы Головкин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазын атады

Опубликовано:

Хуан Мануэль Маркес
Хуан Мануэль Маркес. Фото: Joe Camporeale/USA TODAY Sports

Аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес отандасы Саул "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Marca.com.

Бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионының сөзінше, "Канело" Головкинді қалай жеңуге болатынын біледі.

"Канело" қазақстандықты қалай жеңуге болатынын біледі және оны көрсетті де. Әңгіме мексикалық бокс стилі жайлы. Бұл дегенің ең алдымен ақылға салып жұдырықтасу, жақын қашықтықта болу және тиімді комбинацияларды қолдану деген сөз. Альварес бұларды өте жақсы орындайды.

Менің ойымша, жекпе-жек нокаутпен аяқталады. Егер қателеспесем, сегізінші немесе тоғызыншы раундта болады (нокуат-ред.)", - дейді Мануэль Маркес.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Кездесуде "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынады.

Боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. 2018 жылы өткен екінші кездесуде Сауль Альварес ұпай санымен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1983598-nokautpen-ayaqtalady-aty-anyzga-ainalgan-bokssy-golovkin-alvares-zekpe-zegine-bolzam-zasady/

pixel