Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның он дүркін чемпионы марапаттау рәсіміне ұлттық киіммен келді (фото)

Опубликовано:

Бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлері марапатталды
Кеңес Рақышев пен Дина Жоламан: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған спортшы қыздарды марапаттады. Кездесуге еліміздің он дүркін чемпионы Дина Жоламан қазақтың ұлттық киімімен келді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Боксшыларды марапаттау рәсіміне Рақышевтан бөлек, ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов қатысты.

Олар былғары қолғап шеберлеріне, боксшылардың бапкерлері мен Ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат табыстады.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Түркияда өткен әлем чемпионатында 5 медаль (1 күміс, 4 қола) жеңіп алғанын айта кетейік.

"Өздеріңіз білетіндей, Стамбулда 72 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласты. Бұл сында да біздің қыздар толық құрамда өнер көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті. Осы тұста бұл біз үшін ең табысты әлем чемпионатының бірі болғанын атап өтуге болады. Өзім осы әлем чемпионатында болып, финалда Алуа Балқыбековаға қолдау көрсеттім. Өз басым біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда екеніне сенемін. Бәріңізге тынбай еңбек етіп, қайсарлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын", - деді Кеңес Рақышев.

Бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлері марапатталды
Бокстан Қазақстан әйелдер командасы: kfb.kz

Еліміздің үздік боксшылары ақшалай сертификаттар мен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ доллары табысталды. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзоваға 10 000 АҚШ доллары берілді.

Шамиль Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар штабының өкілдері, жеке жаттықтырушылар мен ғылыми топ та назардан тыс қалмады. Олар 800-ден 1 300 АҚШ долларына дейін сыйақы алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1983763-qazaqstannyn-on-durkin-cempiony-marapattau-rasimine-ulttyq-kiimmen-keldi-foto/

pixel