Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Усик Джошуамен чемпион атағы үшін жекпе жек алдында: Әр боксшы ауыр салмақта күресуді армандайды

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Жексенбі, 21 тамызда Александр Усик және Энтони Джошуа арасында көптен күткен жекпе жек өтеді. Қарсыластар ауыр салмақтағы әлем чемпионы кім деген сауалдың нүктесін қояды. Кездесу қарсаңында танымал  украиндық боксшы өзінің мансабы, жетістіктері туралы ойларын бөлісті.  

Алдағы шайқас бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаға өткен жеңілістері үшін реванш алуға және WBA Super, IBF, WBO және IBO атақтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ, ауыр салмақтағы бокстың хас шебері және Parimatch-тың жауапты ойынының амбасадоры Александр Усик регалиямен жекпе-жексіз қоштасуды жоспарлап отырған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Усик пен Джошуа алғаш рет 2021 жылы Лондонда кездескен. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен украиналық боксшы жеңімпаз және жаңа әлем чемпионы атанды.

Усик үшін бұл жекпе-жек ауыр салмақ дәрежесіне сәтті өткенінің алғашқы дәлелі болды.

"Энтони Джошуамен өткен шайқас менің ауыр салмақта күресе және жеңе алатынымды көрсетті. 12 раундта менің бір минутым не 30 секунд уақытым болғанда Энтониді нокаутқа түсірер едім. Дегенмен, қазір ол туралы ойламаймын", - деді ол.

Усиктің айтуынша, рингте күресуден алған әсерді және еңбегіңнің жемісін сезінуді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек өз басыңнан өткізуің қажет.  

"Осындай сәттерде мен не сезетінімді түсіну үшін , кемінде бір рет рингке шығуыңыз керек немесе өте қиын тапсырманы сәтті орындау керексіз. Бұл сезім команда үшін нағыз бақыт, маған осындай мүмкіндікті сыйлаған Жаратқан иеме әр күнім үшін алғыс айтамын.

Менімен бірге қуанышымды бөліскен адамдарға ризамын. Бұл сезімдерді ешқандай сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек өзің сезінуге тиіссің. Бұл - үнемі залда жаттығу және өмір бойы өзіңді тәртіпке үйрету. Осыдан алған нәтижелерден ләззат алу", - деді ол.

Команда Усиктің жексенбідегі жекпе-жегіне барынша дайындық жүргізуде.

“Жаттықтырушы менің өткен жекпе-жегімді бірнеше рет қайталап көріп, әлі күнге дейін зерттеу жүргізуде. Біз реваншта қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді ойластырудамыз. Мен қазір жоспарлап отырған барлық құпияларымызды ашып айта алмаймын, алайда жаттықтырушы екеуіміз біраз қателіктерімді көріп қалдық”, - деді спортшы.

Ауыр салмақтағы күреске ауысу туралы ақпарат көпшілікті дүрліктірді, бірақ Александр осы дәрежені де бағындыратындығына сенімді.

“Меніңше, әр боксшы ауыр салмақ дәрежесінде күрескісі келеді. Мүмкіндігі болса міндетті түрде бағын сынап көреді, ал болмаса, ол оның арманы болып қала береді. Мен крузервейт дәрежесінде шайқасып жүргенде, дивизионның барлық төрт белбеуін жеңіп, ауыр салмақтағы дәрежеге өтемін деп өзіме серт бергенмін. Мен сөзімде тұрдым”, - дейді ол.

Украиндық спортшы 2012 жылғы Олимпияда ойындарындағы жеңісін өзінің жеке жетістігі деп есептейді. Алайда, жуырда барлығы түпкілікті өзгеруі мүмкін.

“Мен әуесқойлар арасындағы олимпиада алтынын мансабымдағы ең жоғарғы жетістік деп есептеймін. Қазіргі уақытта мен үшін одан асқан ештеңе жоқ. Крузервейттегі белбеулер де, хэвивейттегі бар жүлделерде маңызды емес. Мүмкін ауыр салмақтағы дәреженің барлық төрт белбеуін қосқан кезде салыстыру жасап, ненің жақсырақ екендігі туралы ойланармын”, - деді ол.

Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек Сауд Арабиясының Джидда қаласында, Нұр-Сұлтан уақытымен 2:00-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1983823-aleksandr-usik-dzosuamen-cempion-atagy-usin-zekpe-zek-aldynda-ar-bokssy-auyr-salmaqta-kuresudi-armandaidy/

pixel