Қазақстандық футболшы бір ойында қарсылас қақпасына жеті гол соқты

Опубликовано:

Қазақстандық ойыншы бір матчта жеті гол соқты
Бақдәулет Зұлпықаров: sports.kz

Футболдан Қазақстанның екінші лигасында ойнайтын "Тұран" жастар командасы "Aqtobe City" клубын 7:1 есебімен ұтты. Бір қызығы, кездесудегі жеті голды да бір ойыншы соққан, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хромтауда өткен ойында "Тұран" ойыншысы Бақдәулет Зұлпықаров 7 рет көзге түсіп, қарсыласының қақпасын дәл көздеді. Ол ойынның 24, 42, 48, 49, 69, 73 және 80-минуттарында гол соққан.

Қарсыластар сапынан Евгений Чернышев қана есеп айырмасын бір допқа қысқарта алды.

Айта кетелік, 21 жастағы Бақдәулет өткен маусымда Беларусь елінің "Энергетик-Бгу" клубында ойнаған.

"Тұранның" негізгі құрамы сапында үш ойынға қатысып, көзге түсіп үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1984329-qazaqstandyq-futbolsy-bir-oiynda-qarsylas-qaqpasyna-zeti-gol-soqty/