Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АПЛ-дың үздік матчтары: тамыз айының соңғы аптасында қандай ойындарды тамашалауға болады

Опубликовано:

Футбол
Фото: shutterstock

Ағылшын премьер-лигасының ең қызықты ойындары енді басталады. Бізді осы аптада 4-ші турдың матчтары күтеді — көшбасшылар алысқа кетіп қалмай тұрғанда командалар көбірек ұпай жинап, турнир кестесінде өздерінің жағдайларын түзетіп алуға асығуда.

Челси — Лестер Сити

27 тамыз, 20:00

Аталған екі клуб Parimatch беттинг-компаниясының серіктесі болып табылады, олардың ұқсастығы осымен-ақ шектеледі. «Челси» 4-турды турнирлік кестеде 12-орынмен бастады. Осы уақытта «Лестер» «Саутгемптоннан» жеңіліс тапқан соң, турнирден шығып кету аймағында, яғни 18-орында тұр. Жеңіске деген үміткер айқын болып көрінгенмен, «түлкілер» тығырыққа тірелгенде қауіпті болуы әбден мүмкін.

Француз қорғаушысы Уэсли Фофан үшін жүріп жатқан тартыс екі клубтың арасындағы шиеленісті ушықтыруда. «Челси» «Лестерге» максималды 60 миллион фунт қаражатымен екі рет ұсыныс жасаған болатын. Алайда «түлкілер» 21 жастағы жас талантпен, кезінде Гарри Магуайрдың трансферіне алған рекордты 80 миллион фунттан кем ақшаға қоштасуға келіспейтіндігін айтқан. АПЛ-дың үздік клубтарының біріне өткендігі Фофанды шабыттандырған сияқты, ол команданың ойынында айқын көрінеді. Француз «Саутгемптонмен» ойынға шықпауы туралы өтініш жасады, бұл жағдай бапкердің бойында ойыншының командаға адал емес екендігі туралы ой тудырды. Оның шығу, шықпауын тек алдағы ойында көретін боламыз және «Челси» финалды оффер жасай ма, ол да болашақтың еншісінде.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 - 1.37, Х - 5.20, Ж2 - 7.70

Манчестер Сити — Кристал Пэлас

27 тамыз, 20:00

«Манчестер Сити» «Ньюкасл Юнайтедпен» болған әсерлі матчынан кейін премьер-лигадағы көшбасшылар тізімен түсіп қалды. Бір сәтке АПЛ-дың қазіргі чемпионы 3:1 есебімен жеңіліп қала ма деп көрінді, алайда команда тәжірибесі өзінің нәтижесін көп күттірмеді, «қалалықтар» шайқасты тең ойынмен аяқтады. Қалай болғанда да, бұл жағдай Гвардиола шәкірттерінің менменшілдігіне үлкен соққы болды. Енді олар бар ашуын «Кристал Пэлас» командасынан алатын сияқты.

«Бүркіттер» «Астон Вилла» командасын 3:1есебімен басып озып, жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне ие болды. Жартылай қорғаушы Уилфрид Заха дубль жасап, ерекшеленіп матчтың басты кейіпкеріне айналды және «Пэлас» командасына кепілдендірілген ұпайды әкелді. Клуб 4-турда тоғызыншы орынға дейін көтерілді. Премьер-лиганың бірнеше дүркін чемпионымен өтетін кездесу құлдыраумен де, тарихи жеңіспен де аяқталуы мүмкін.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 - 1.16, Х - 8.00, Ж2 - 15.50

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1984476-apl-dyn-uzdik-matctary-tamyz-aiynyn-songy-aptasynda-qandai-oiyndardy-tamasalauga-bolady/

pixel