Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен Сербияда өтетін әлем чемпионатына ерлі-зайыпты қазақстандық балуандар қатысады

Опубликовано:

Әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды
Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева: vk.com/wrestdag.ru

10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Халықаралық күрес ұйымы (UWW) Қазақстаннан қатысатын балуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар арасында ерлі-зайыпты Нұрғожа мен Марина бар. Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен бақ сынаса, оның жұбайы Марина Седнева әйелдер күресінде жүлдеге таласады.

Сондай-ақ, 36 жастағы Елена Шалыгина да Қазақстан намысын қорғайды. Араға он жыл салып, кілемге қайта оралған Бейжің Олимпиадасының жүлдегері үшін әлем чемпионаты маусымдағы төртінші жарыс болмақ.

Әйелдер күресінен егіз балуандар Мадина мен Жамилә Бақбергенованалар да өз шеберліктерін ортаға салады.

Грек-рим күресінде еліміздің жас балуаны Дінмұхамед Қошқардың сынға түсетіні көпшілік үшін жаңалық болғаны рас. Соңғы ел чемионатында топ жарған жамбылдық балуан олимпиадалық салмақ саналатын 67 келіде белдеседі.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы

57 келі: Рахат Қалжан

61 келі: Асыл Айтақын

65 келі: Әділ Оспанов

70 келі: Талғат Сырбаз

74 келі: Нұрқожа Қайпанов

79 келі: Болат Сақаев

86 келі: Азамат Дәулетбеков

92 келі: Әділет Дауленбаев

97 келі: Мамед Ибрагимов

125 келі: Әлішер Ерғали

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы:

55 келі: Аманғали Бекболатов

60 келі: Айдос Сұлтанғали

63 келі: Ғалым Қабдұнасаров

67 келі: Дінмұхамед Қошқар

72 келі: Ибрагим Магомадов

77 келі: Тамерлан Шадукаев

82 келі: Диас Қален

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Олжас Сырлыбай / Ерұлан Ысқақов

130 келі: Әлімхан Сыздықов / Антон Савенко

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы:

50 келі: Светлана Анкичева

53 келі: Жұлдыз Ешімова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Диана Каюмова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Елена Шалыгина

68 келі: Мадина Бақбергенова

72 келі: Жамилә Бақбергенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1984760-kuresten-serbiyada-otetin-alem-cempionatyna-erli-zaiypty-qazaqstandyq-baluandar-qatysady/

pixel