Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch қазақстандық жас суретшілерді қолдайды

Опубликовано:

Parimatch поддерживает молодых казахстанских художников
Фото: Parimatch Kazakhstan

Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы 21 жастан асқан қазақстандық суретшілер арасында ең үздік стикерпак байқауының қорытындысын шығарды. Жеңімпаз Macbook Air 13-тің бақытты иегері атанды.

Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер тек қана спортты дамытуда ғана емес, сондай-ақ жерлестерінің өнер саласында дамуына да үлес қосуда. Стикерпак байқауы 2022 жылғы 15 маусымнан 15 тамызға дейін Қазақстанның 20 қаласынан (бірнеше ауылдарын қоса алғанда) 300-ден астам жұмыстарды қамтыды.

"Шын айтқанда, біздің сарапшылар үшін үздік жұмысты анықтау оңай болған жоқ. Біз графикалық редакторлармен жұмыс істеу дағдысы жоқ адамдарға да өз ойларын жеткізуге мүмкіндік бергіміз келді. Осы себепке орай біз қатысушыларды сурет салу стилінде немесе құралдарды таңдауда шектемедік – қолмен де, арнайы бағдарламалардың көмегімен де сурет салуға рұқсат етілді. Сондықтан келіп түскен жұмыстардың алуан түрлілігі біздің топта қызу пікірталас тудырды, дегенмен біз ортақ қорытынды пікірге келе алдық", - деп Parimatch Kazakhstan басшысы Роман Бойко өз әсерімен бөлісті.

Бас жүлдеге 23 жастағы алматылық Мария Фищук ие болды, ол төрешілерді теннис, киберспорт және футбол тақырыптарында бірден үш бірегей стикербукпен таң қалдырды.

Мария Фищук
Фото: Parimatch Kazakhstan

Мария 5 жылдан астам уақыт бойы дизайн және иллюстрациялармен кәсіби түрде айналысады. Parimatch байқауы оның таланттарын жария етуге және өзін жаңа қырынан танытуға тамаша мүмкіндік болды. Жеңімпаз стикерлерін жасауға күн сайын 3-4 сағатын бөлген. Бір стикерпак жасау үшін бір апта уақыт кеткен екен.

"Бірінші стикерпак үшін шабытым өздігінен келді, себебі мен онлайн ойындар ойнаймын және киберспорттық жарыстарды бақылап жүремін. Мені теннисші мен футболшының бейнелерін жасауға біздің спортшымыз Елена Рыбакинаның Уимблдондағы жеңістері туралы соңғы жаңалықтар мен футбол әлемінің ақпараттары шабыттандырды", - дейді Мария

Марияның үш апта бойы ынталанып істеген жұмысының нәтижесі өз жемістерін берді.

"Менің жеңісім туралы хабарлаған кезде, қатты қуандым, тіпті аздап толқып кеттім. Мен бренд туралы бұрыннан білемін. Байқауға қатыспас бұрын Parimatch баннерлерін қаладан және әртүрлі сайттардан жиі көретінмін. Әсер жағына келсек, қуаныштымын! Parimatch-қа осындай керемет байқау үшін зор алғысымды білдіргім келеді", - дейді ол.

Parimatch өз кезегінде байқаудың барлық қатысушысына алғысын білдіріп, шығармашылық жолында шыңдала беруді тілейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1984827-parimatch-qazaqstandyq-zas-suretsilerdi-qoldaidy/

pixel