Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баскетболдан Қазақстан командасы Қытайдан ойсырай жеңілді

Опубликовано:

Қазақстан командасы Қытайдан жеңіліп қалды
Қазақстан-Қытай кездесуі. Фото: fiba.com

Елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде баскетболдан әлем кубогіне іріктеу турнирі өтіп, Қазақстан командасы Қытай құрамасын қабылдады. Өз жеріміздегі кездесуде қазақстандықтар ұтылып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан әлем кубогіне іріктеу турнирінде F тобына түсті. Бұл топта Жапония, Қытай және Австралия бар.

Бүгін Қытайға қарсы өткен ойында қазақстандықтар 56:68 есебімен жеңіліп қалды. Біздің команда сапынан ең көп ұпайды Рустам Мырзағалиев жинаған. Оның еншісінде 14 ұпай бар.

Екінші орында 10 ұпай жинаған Шайым Қуанов пен Максим Марчук орналасқан.

Ал Қытай құрамасының басты жұлдызы, Ұлттық баскетбол қауымдастығында өнер көрсеткен Чжоу Ци 19 ұпай жинап, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Әлем кубогіне іріктеу кезеңіндегі келесі матчта Қазақстан командасы 30 тамыз күні Жапонияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1984852-basketboldan-qazaqstan-komandasy-qytaidan-oisyrai-zenildi/

pixel