Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз жасар қазақ баласы Испанияның атақты футбол клубына шақырту алды

Опубликовано:

Тоғыз жасар оралдық футболшы Испанияға ауысты
Назар Доля: uralskweek.kz

Оралдық тоғыз жасар футболшы Назар Доля Испаниядағы үздік клубтардың бірі «Левантеге» ауысты. Бұл туралы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Назар Global Football Total Levante UD академиясының базасында бапкерлердің сынағынан өтті. Талап бойынша, ол кезде әлі тоғызға толмаған оқушы бір апта бойы жабық академияда өз шеберлігін паш етуі керек еді. Елден жырақта жүріп, жат елдің әдебі мен тамағына бірден үйрене алмаса да, Назар бапкерлердің көзіне түсу үшін барын салады.

Жаттығудың алғашқы екі күнінен соң клуб үйлестірушісі Назарға деген көзқарастың ерекше екенін айтқан. Кейін команда басшылары жас футболшыға жоғары баға беріп, баланың ата-анасына келісімшарт жасау үшін хабарласады.

Қазіргі таңда Назар тәжірибесін арттырып жатыр. Ол жарты жыл бойы ата-анасынан жырақта өмір сүріп, испан тілін меңгеріп алды. Ал оның ең басты жетістігі – футбол клубымен келісімшартқа отыруы.

Бүгінде Назардың қасында өзінің әжесі бар. Немересінің әр қадамына қуанатын әжесі оған жат елде қорған болып, бірге өмір сүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1985048-togyz-zasar-qazaq-balasy-ispaniyanyn-ataqty-futbol-klubyna-saqyrtu-aldy/

pixel