US Open турнирі: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
Опубликовано:

Теннистен "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ерлер арасында еліміздің бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 71-орында тұрған франциялық Уго Гастонмен кездеседі.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы, "Уимблдон" чемпионы Елена Рыбакина іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.
Рейтингте 39-сатыда тұрған Юлия Путинцева әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан өтуге тырысып көреді.
Сондай-ақ Анна Данилина, Андрей Голубев және Александр Недовесов жұптық сында жарысқа қатысады. Олардың қарсыластары кейін анықталады.
US Open додасы 29 тамыз - 10 қыркүйек аралығында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1985051-us-open-turniri-qazaqstandyq-tennissilerdin-qarsylastary-anyqtaldy/