Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист жекпе-жек қарсаңында Головкин үшін жағымсыз жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Журналист Головкин жекпе-жегі алдында жағымсыз болжам айтты
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин. Фото: instagram/gggboxing

ESPN телеарнасының журналисті Бернардо Пилатти қазақстандық Геннадий Головкин төрешілердің әділетсіз шешіміне ұшырауы мүмкін деп топшылауда. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистің пайымынша, Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекте де қазылар бұра тартуы мүмкін.

"Канело" үшін жақсы, Головкин үшін жағымсыз жаңалық бар. Яғни, жекпе-жекте жұмыс істейтін төрешілер құрамы бірінші және екінші кездесумен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Кімнің жеңіске жететінін сол баяғы төрешілер қағаз жүзінде анықтап отырады. Алайда, "Канелоның" жанкүйерлері Сауль Альварес 40 жастағы еркекті нокаутқа жібереді деген сенімде. Бірақ мен және басқа да адамдар жекпе-жек ара-қашықтықта өтіп, жеңімпазды анықтауда төрешілер рөл ойнайды деп есептейміз", - деді Пилатти.

Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1985054-belgili-zurnalist-zekpe-zek-qarsanynda-golovkin-usin-zagymsyz-zanalyqty-bolisti/

pixel