Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дем жетпей қалды": Ойын кезінде мойнына шайба тиген отандық хоккейші мұз үстіне құлап түсті

Опубликовано:

Ойын кезінде хоккейшінің мойнына шайба тиіп кетті
Борис Левицкий. Фото: prosports.kz

Хоккейден Қазақстан кубогі аясында кездескен "Ертіс" пен "Бейбарыс" клубтарының арасындағы матч қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Ойын барысында "Ертіс" ойыншысы Борис Левицкийдің мойын тұсына шайба тиген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқыс жағдай екінші кезеңде орын алды. "Ертіс" ойыншысы Борис Левицкийдің мойын тұсына екпіндеп келген шайба тиіп, хоккейші ауыр соққыдан мұзға құлап түсті. Бұл отандық жанкүйерлердің алаңдаушылығын туғызған еді. Ойыннан кейін бір күн өткен соң Левицкий "Головой об лед" парақшасына сұхбат беріп, оқиғаның қалай болғанын баяндады.

"Қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне сәлем жолдаймын. Қазір дәрігердің бақылауымен қонақүйде жатырмын. Шын мәнінде, өте қорқынышты жағдай болды. Шайбаның тым жоғары ұшып келе жатқанын байқамай, өте кеш көрдім. Бұрылып та үлгермедім. Шайба мойын тұсыма, жұтқыншақтың төменгі жағына тиді.

Ауыр соққыдан дем жетпей, аяқтарым өзіме бағынбай, мұз айдынға құладым. Сол ойында кезекші болған медициналық бригадаға мың алғыс. Олар бірден оттегімен демалатын маска беріп, зембілмен алып кетті. Менің жолым болды. Егер шайба сәл жоғары тигенде, бұл оқиға мүлдем басқаша аяқталар еді", - деді Левицкий.

Аталған матчта 4:2 есебімен "Ертіс" хоккейшілері жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1985063-dem-zetpei-qaldy-oiyn-kezinde-moinyna-saiba-tigen-otandyq-xokkeisi-muz-ustine-qulap-tusti/

pixel