Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасындағы ең ұзын баскетболшының бойы қанша метр

Опубликовано:

Қазақстандағы ең ұзын баскетболшы кім
Владимир Иванов. Фото: nbf.kz

Жанкүйер арасында кәсіби баскетболшылардың бойы ұзын болады деген пікір қалыптаnсқан. Бұл стереотипке де, шындыққа да жатады. Осы орайда, Қазақстан құрамасындағы ең ұзын баскетболшының кім екені анықталды, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық құрамадағы ең ұзын баскетболшы - Владимир Иванов. Оның бойы - 208 см, салмағы - 98 келі. Өз бойының арқасында ол орталық шабуылшы позициясын иеленді.

Владимир Ақмола облысында дүниеге келген. Қазақстан құрамасы сапында 2021 жылдың наурызынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның бойы 10-сыныптағы жазғы демалыс кезінде айтарлықтай өсе бастайды.

"Менің бойым 208 сантиметр екені рас. Барлығынан ұзын екенімдімектептегі жазғы демалыстан кейін, 10-сыныпқа көшкен кезде байқадым. Ол кезде бойым 13 сантиметрге өсіп, сыныпта бойы ең ұзын оқушы болдым", - дейді ойыншы.

Владимирдің айтуынша, бойының ұзындығына генетика да, жаттығу да әсер еткен.

"Менің жағдайымда бәрі бар. Біріншіден, бұл - генетика. Өйткені, менің анамның да, әкемнің де бойы ұзын. Сондай-ақ, тынымсыз жаттығу да бойыма өз әсерін тигізді. Бойымда ешқандай ерекшелік жоқ деп ойлаймын. Бойымның ұзындығы қорғаныстағы шабуылда жақсы көмектеседі, бірақ бұнын кері жағы да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985064-qazaqstan-quramasyndagy-en-uzyn-basketbolsynyn-boiy-qansa-metr/

pixel