Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстан әлем чемпионы атанып, тарихқа енді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл туралы WBO ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, америкалық Деметриус Андраде орта дивизиондағы толыққанды чемпион атағын иеленген болатын. Алайда ол өз атағын қорғау үшін Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартып, басқа салмаққа ауысып кетті.

Осыдан соң, WBO Жәнібек Әлімханұлын ресми түрде чемпион деп жариялады.

"Мен әлем чемпионы атандым! Мен WBO тұжырымы бойынша чемпион атанған тұңғыш қазақпын. Бұл тарих! Өте бақыттымын, құдайға шүкір!", - деп жазды Әлімханұлы.

Жәнібек мамыр айында ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды ұтқан соң, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) "уақытша" чемпиондық белдігіне қол жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста чемпиондық белдікті иеленген алтыншы қазақстандық спортшы атанып отыр. Бұған дейін Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов, Бейбіт Шүменов және Данияр Елеусінов чемпион атанған еді.

Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста да біраз жетістікке жеткен. Ол 2013 жылғы әлем, 2014 жылғы Азия чемпионы. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қатысушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1985126-zanibek-alimxanuly-kasibi-bokstan-alem-cempiony-atanyp-tarixqa-endi/

pixel