А сериясы: демалыс күндерінің басты футбол матчы

Опубликовано:

"Ювентус" - "Рома"
Фото: Parimatch Kazakhstan

Туриндік "Ювентус" пен "Рома" арасындағы қарама-қайшылық әрқашан Италия футболының классикасы болған, 27 тамызда "Альянс" стадионында өтетін матч та соның қатарынан болары анық.

"Кәрі синьора" италиялық А сериясының өткен маусымының ең мықты қорғаушысы бразилиялық Бремерді "Торинодан" сатып алған. Жартылай қорғаушы Пол Погба Туринге оралды, ол, өкінішке орай, тегіршек жарақатына байланысты 2 айға ойыннан шеттетілген, сондықтан бұл ойынға қатыса алмайды. Тағы да айта кетерлік жаңалық – туриндіктер "ПСЖ"-дағы Анхель Ди Марионы командаға қосқан, ол шабуылға жаңа әдіс енгізеді деген үміт бар.

Соңғы 5 жылда Ювентустың көшбасшыларының бірі болған және ағымдағы маусымаралық кезеңде астаналық клубқа ауысқан аргентиналық Пауло Дибаланың "Рома" сапында пайда болуы ойынды шиеленіспен қызықтыра түсетіндей көрінеді.

Бізді керемет ойыншылардан құралған екі команданың ғана емес, сонымен қатар керемет үйірімпаз екі жаттықтырушы – Массимо Аллегри мен Хосе Моуриньоның дайындаған қызықты жекпе-жегі күтіп тұр. Өткен маусымда португалиялық бапкер үш ірі еуропалық клубтық кубокты: Чемпиондар Лигасын, Еуропа лигасын және ол үшін мүлдем жаңа турнир - Конференциялар лигасын қанжығасына байлаған әлемдегі жалғыз жаттықтырушы атанды.

Parimatch коэффициенттері: Ж1 – 2.46, Х – 3.20, Ж2 – 3.15

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1985154-a-seriyasy-demalys-kunderinin-basty-futbol-matcy/