Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: Елена Рыбакинаның алғашқы кезеңде кіммен ойнайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Елена Рыбакинаның қарсыласы анықталды
Елена Рыбакина: olympic.kz

Қазақстандық теннисші, "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның US Open додасындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады турнирдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

US Open турнирінің екінші айналымына шығу үшін Рыбакина франциялық Клара Бюрельмен өзара мықтыны анықтайды.

Клара Бюрель әлемдік рейтингте 132-орында тұр. Ол турнирдің негізгі айналымына жолдама алу үшін іріктеу кезеңінен өткен.

Ал Елена Рыбакина WTA рейтингінде 25-сатыда орналасқан.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластары толық белгілі болды. Спортшылардың бірінші кезеңде кіммен жолығатынын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985213-us-open-elena-rybakinanyn-algasqy-kezende-kimmen-oinaityny-belgili-boldy/

pixel