Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ чемпиондары көбейе берсін": Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: instagram.com/gggboxing

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жақсы жаңалық, Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын. Қазақ чемпиондары көбейе берсін! Құтты болсын!", - деп жазды Геннадий Головкин Twitter парақшасында.

Көп күттірмей Жәнібек Әлімханұлы да "Рақмет, аға", - деп әйгілі отандасына жауап берді.

Айта кетейік, 26 тамызда Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жариялады.

Бұл атақ негізі америкалық боксшы Деметриус Андрадеге тиесілі болатын. Алайда ол өз атағын қорғау үшін Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартып, басқа салмаққа ауысып кетті.

Осыдан соң, WBO қазақстандық боксшыны ресми түрде чемпион деп жариялады.

Жәнібек Әлімханұлын бокстағы айтулы жетістігімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1985256-qazaq-cempiondary-kobeie-bersin-golovkin-zanibek-alimxanulyn-quttyqtady/

pixel